Акция 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі –адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
🎁"Ұстаз сыйға тартқан кітап" осындай атаумен ағымдағы жылдың 21 ақпанында ұстаздар арасында кітапханаға кітап сыйлау науқаны өтті.Мектеп мұғалімдері жеке кітапханаларынан танымы терең, қызықты әрі өте пайдалы басылымдарды сыйға тартты.
Сыйға тартылған кітаптар — бұл назар мен қамқорлық нышаны, өйткені кітап сыйлаушы оны қуаныш пен пайда әкеледі деген оймен сыйлайды.
Науқанға қатысқан ұстаздар қауымына алғысымызды білдіреміз.
📌Акция 2025 жылғы 14 наурызға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
